
Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы негізінде 2023 жылғы 10-24 шілде аралығында орта білім беру ұйымдарының 2023-2024 оқу жылына дайындық мониторингі жүргізіп жатыр.
Жаңа оқу жылына дайындықты мониторингтеу үрдісіне «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ СҚО филиалының және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университетінің қызметкерлері қатысуда.
Облыстың 452 жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының 2023-2024 оқу жылының дайындығына мониторинг жасалады.
Мониторинг барысында білім беру ұйымдарындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысына, интернеттің жылдамдығы, қауіпсіздіктің сақталуына (бейнебақылау, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесі) , жылы санитарлық тораптар (ішкі әжетханалар), спорт залдары, спорттық жабдықтаулар, асханалар, жаңадан алынған пәндік кабинеттер (химия, биология, физика), робототехника кабинеттерінің қамтылуына зерделеу жүргізілуде.