
Келесі есепті жартыжылдық аяқталып келеді, жұмысты талдап, қорытындылар жасап жатырмыз. Біздің қызметіміздің бірнеше нәтижелері. Уақыттың едәуір бөлігін мемлекеттік аттестаттау рәсімі алады. Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 61 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау, 48 ұйымда қайта аттестаттау жүргізілді.
Мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру саласында ағымдағы жылы 18 балабақшада аттестаттау жүргізілді, бұл жоспарланғанның (44) 41% құрады, оның 8-і аттестатталды, 10-ы аттестатталмады.
Орта білім деңгейінде осы жартыжылдықта 28 мектепте мемлекеттік аттестаттау жүргізілді, оның ішінде 12 мектеп (17%) оң қорытынды алды, 16 мектеп аттестаттаудан өтпеді.
Ағымдағы жылы аттестаттаудан өткен 15 колледждің 7 колледжі мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша оң қорытынды алды, 8 колледж мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын бұзу фактілері анықталғандықтан, бірінші реттен жекелеген мамандықтар бойынша аттестаттаудан өтпеді.
Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша оң қорытынды алған орта білім беру ұйымдарының көбеюі, сондай-ақ анықталған бұзушылықтардың айтарлықтай азайғаны байқалады.
Ең жиі кездесетін бұзушылықтар типтік оқу жоспарының талаптарын сақтамау бөлігінде мемлекеттік стандартты бұзу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу процесін ұйымдастырудағы, элективті курстар мен факультативтерді орындаудағы, оқушыларды қорытынды бағалау кезіндегі бұзушлықтар, қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарының сақталмауы.
Біліктілік талаптарын орындау ең қиын болып табылады: санаттар бойынша білікті мұғалімдердің үлес салмағының сәйкессіздігі, оқытылатын пән профилі бойынша мұғалімдердің педагогикалық немесе кәсіптік білімінің болмауы, Ұлттық білім беру деректер базасының деректері мен нақты деректер арасындағы сәйкессіздік, асхананың санитарлық нормаларға сәйкес келмеуі немесе санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының жоқтығы, оқу үй-жайларының санитарлық нормаларға және өрт қауіпсіздігіне сәйкес келмеуі, білім кесіндісінің қанағаттанарлықсыз нәтижелері.
Аттестаттау қарсаңында мемлекеттік аттестаттау рәсіміне жататын білім беру ұйымының 4,9-сынып оқушылары кешенді тестілеуден өтеді. Бүгінгі таңда 51 мектепте кешенді тестілеу жүргізілді.
Аттестаттаудан өтпеген білім беру ұйымдары анықталған бұзушылықтарды жою жоспарын жасайды және оларды жою мерзімін анықтайды, екінші қорытынды жасалады. Ағымдағы кезеңде 48 білім беру ұйымында қайта аттестаттау жүргізілді, оның ішінде екі мектеп бұзушылықтарды жойған жоқ.
Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру кезінде білім беру ұйымдарына тиісті ұсыныстар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Жыл соңына дейін 26 балабақша мен 54 мектепте мемлекеттік аттестаттау рәсімі жоспарланған. Облыстың білім басқармалары бұл мәселеден ұтымды қорытынды шығарып, тиісті жұмыстар жүргізеді деп ойлаймыз.