«Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру» тақырыбындағы семинар

«Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру» тақырыбындағы семинар

Басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл шеңберінде 2023 жылғы 31 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының білім  саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік қызметшілері үшін мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Степаненко Е.Ф. «Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында Елена Федоровна қабылданған заңдарға тоқталды: «Цифрландыруды дамыту туралы», «Аудан әкімдерін сайлау туралы»;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік қызметке кірудегі қажетсіз кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен босату тәртібін жеңілдету туралы баяндады.

2023 жылғы 20 наурызда агенттік «Мемлекеттік қызметті жетілдіру туралы» Заңды қабылдады. Заңның негізгі мақсаты – еліміздегі мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру.

Заңмен Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Білім туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесіне де өзгерістер енгізілді.

Жоғары тұрған мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауға қойылатын талаптар күшейтілді.

Бағалау енді тоқсан сайын жүргізіледі. Атқаратын лауазымында кемінде бір ай жұмыс істеген адам бағалауға жатады.

Осы жылдың 10 сәуірі Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі No71 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын жаңа үлгілік біліктілік талаптары күшіне енді.

Семинар барысында Степаненко Е.Ф. қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.