Мониторинг образовательных достижений обучающихся

Мониторинг образовательных достижений обучающихся

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі

 Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 55-бабына сәйкес жыл сайын сәуір айында бастауыш және негізгі орта білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі жүргізіледі (ББЖМ).

Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы ББЖМ 26 сәуірден 10 мамырға дейін өткізілді, оған 98 мектептің 4 және 9 сынып оқушылары қатысты.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің (тест-әкімшілер) өкілдері ретінде Ережеге сәйкес және академиялық адалдықты сақтай отырып, ББЖМ өткізуді бақылау үшін облыстың 73 педагогы тартылды. ББЖМ жүргізілуін бақылауға Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің барлық құрамы, «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының қызметкерлері жұмылдырылды.

Мониторинг барысында академиялық адалдықтың, ББЖМ жүргізу ережелерінің бұзылуы, компьютерлік техниканың жұмысындағы іркілістер тіркелмеген.

ББЖМ білім беру ұйымдарынан тәуелсіз оқыту сапасын жүйелі бақылау болып табылады, оны өткізудің мақсаты - білім алушылардың білім сапасын бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау. ББЖМ нәтижелері дұрыс жауаптар саны бойынша балдармен өлшенеді, бағалауға аударылмайды және білім алушылардың ағымдағы бағалауына да, олардың білімдерін қорытынды бақылауға да әсер етпейді.

ББЖМ аяқталғаннан кейін Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы оның нәтижелеріне талдау жасайды, білім беру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.