Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшылары үшін семинар

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшылары үшін семинар

Солтүстік Қазақстан облысының білім  саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Панарина Марина Анатольевна 2023 жылғы 18 сәуірде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының басшыларына онлайн режимінде семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты жыл сайынғы және алдыңғы мемлекеттік аттестаттаудың білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды ұйымдастыруды және жүргізуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру болды.

Білім беру ұйымдарының, білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісінің (Ұлттық білім беру деректер қоры-ҰБДҚ, Kundelik.kz ақпараттық жүйе), ресми интернет – ресурстарында орналастырылған білім беру қызметін өзін-өзі бағалау материалдарын талдау, зерделеу және салыстыру арқылы профилактикалық бақылау нысанында білім беру ұйымдарын бармай-ақ мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жағдайында ұйымдардан және уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтердің, аттестаттау үшін ұсынылатын материалдардың дұрыстығы, толықтығы және дұрыстығы үлкен маңызға ие.

Білім беру ұйымдарының басшыларына қосымшаларды толтыру, педагогтердің біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өтуі, білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.