
Солтүстік Қазақстан облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаменті екі мемлекеттік қызметті көрсетеді:
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру»
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметін көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Есепті кезеңде (2023 ж. 1 тоқсаны) «Білім беру қызметіне лицензия және (немесе) қосымша беру» бойынша 1 мемлекеттік қызмет, «Білім беру қызметіне лицензияны қайта ресімдеу» бойынша 15 қызмет көрсетілді, құжаттардың толық болмауына байланысты 2 қызмет көрсетуден бас тартылды.
2.«Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу».
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалдарының халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және «электрондық үкіметтің» веб-порталы – www.egov.kz арқылы қабылданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
2023 жылдың І тоқсанында білімі туралы 14 құжат апостильденді, құжаттың түпнұсқасы ұсынылмағандықтан 1 қызмет көрсетуден бас тартылды,.
Шығу елдері: Аргентина, Литва, Польша, Германия, Оңтүстік Корея, Словакия, Италия.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ. Консультациялық көмек телефон арқылы немесе жеке түрде көрсетіледі.