Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын, орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қорытындылары (2023 жылдың бірінші тоқсаны)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын, орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қорытындылары (2023 жылдың бірінші тоқсаны)

2023 жылдың бірінші тоқсанында 19 орта білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау өткізілді, оның ішінде 8 мектеп «Аттестатталды» (42,1%), 11 мектеп «Аттестатталмады» (57,9%) нәтижесімен аттестаттау комиссиясының қорытындысын алды.

Барлық білім беру ұйымдарында оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру қадағаланады, тәрбие жұмысы, «Жол қозғалысы ережелері» міндетті оқу курсы МЖМБС талаптарына сәйкес іске асырылады, оқу жүктемесінің ең жоғарғы апталық көлемі және оның жалпы көлемі сақталады, сондай-ақ жоғары және бірінші санатты педагогтардың, сарапшы-педагогтардың, педагог-зерттеуші, педагог-шебер педагогтардың негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтердің жалпы санынан үлесі - медициналық қызмет көрсетудің болуы, оқу үй-жайлары санитарлық ережелерге және өрт қауіпсіздігіне сәйкес келеді, жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың болуы сияқты біліктілік талаптар сақталады.

Оң қорытынды Тайынша ауданының Теңдік орта мектебіне, Леонидов негізгі мектебіне, Мамлют ауданының Искровка негізгі мектебіне және Хасан Бектұрғанов атындағы мектеп-балабақша кешеніне, Петропавл қаласының № 5 және № 12 орта мектептерге, Мағжан Жұмабаев атындағы it-мектеп-лицейіне, Жамбыл ауданының Железное жалпы білім беру мектебіне берілді.

Қалған 11 мектепте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының бұзылуы анықталды.

Ең жиі кездесетін бұзушылық қалыптаструшы және жиынтық бағалау талаптарын сақтамау болып табылады, ол «Kundelik.kz» электрондық журналдардағы жазбаларды талдау кезінде 8 мектепте анықталды. Көбінесе бұл тоқсан бойынша жүйе ұсынған бағалардың және мұғалімдер қойған бағалардың сәйкес келмеуі, БЖБ үшін максималды баллды жоғарылатуы, бір күнде үштен көп ТЖБ өткізуі.

2 мектепте оқу процесін ұйымдастыру кезінде білім алушылардың білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері толық көлемде ескерілмейді, тағы 1 мектепте инклюзивті білім беру талаптарының орындалмағаны анықталды.

Таңдау және факультативтер бойынша курстарды, «Өмір қауіпсіздігі негіздері» міндетті оқу курсын іске асырумен, сыныптарды топтарға бөлумен, білім кесу қорытындыларының төмен нәтижелерімен байланысты МЖМБС бұзушылықтардың әрбіреуі 1 білім беру ұйымында анықталды.

Аттестатталатын білім беру ұйымдары үшін ең қиын біліктілік талабы педагогтердің атқаратын лауазымына сәйкестігі болып табылады: 4 мектепте маман емес адамдар анықталды.

2 мектепте оқу жұмыс жоспарлары үлгілік жоспарларға сәйкес келмейді.

Кітапхана қорының сәйкес келмеуі, тамақтану объектісіне санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының немесе шарттың болмауы, педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтпеуі, ҰБДБ – дағы деректердің нақты деректерге сәйкес келмеуі-аталған біліктілік талаптарына сәйкессіздіктердің әрқайсысы 1 білім беру ұйымында анықталды.

Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша оң қорытынды алған орта білім беру ұйымдарының өсуі, сондай-ақ анықталған бұзушылықтардың айтарлықтай қысқаруы байқалады.

2023 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік аттестаттаудан өткен 2 мектепке дейінгі ұйымның екеуі де аттестатталмаған. Бұзушылықтар: педагогтер бес жылдан астам аттестаттаудан өтпеді, топтардың толымдылығы қызметтің үлгілік қағидаларына сәйкес келмейді, жұмыс оқу жоспары үлгілік жоспарға сәйкес келмейді, қазақ тілі бойынша оқу бағдарламасы орындалмайды, тәрбиеленушілер контингентінің болуы мектепке дейінгі ұйымның түріне сәйкес келмейді («Балабақша» түрі, 2 жастан бастап балалар тәрбиеленеді).