Біліктілік арттыру курстары

Біліктілік арттыру курстары

2023 ж. 3-7 сәуір аралағында департаменттің бас маманы Нуртаева К.Б. «Цифрлық құзыреттіліктерді дамыту. Мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясы» тақырыбындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында біліктілік арттыру курсын өтті. Курс барысында келесі тақырыптар аясында жұмыс жасалды: «Цифрлық трансформация тұжырымдамасы», «Цифрлық мемлекеттік басқару», «Цифрлық қазақстан» мемлекеттік бағдарламаның іске асыруы», «Жобалық менеджмент цифрлық құзыреттерді дамыту құрал ретінде», «Қолданбалы аналитика», «Үлкен деректер», «Электрондық қызметтерді цифрландыру», «Цифрлық трансформация және цифрландыру жобалары шеңберінде тиімді жұмыс істеуге арналған практикалық құралдар: бизнес-процесстерді оңтайландыру»,

«Мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациясында тайм-менеджменттің ролі» және т.б.

Сонымен қатар тыңдаушылар үшін магистратурага, докторантураға түсу жайлы дәріс өткізілді. Курс барысында тыңдаушылардың жобаларын қорғау өтті.