
Ағымдағы жылдың 3-7 сәуір аралығында Департамент қызметкерлері Қызылжар, Ғ. Мүсірепов атындағы және Мамлют аудандарына білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау шеңберінде өткізілетін 4, 9 сынып оқушыларын компьютерлік тестілеуге қатысу мақсатында баруды жүзеге асырды.
«Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен білім алушыларды даярлаудың шекті деңгейі білім алушылардың кемінде 40% - ы «қанағаттанарлық» деген бағадан төмен емес дұрыс жауап бергендер болып анықталды.
Компьютерлік тестілеу нәтижелері бойынша жоғарыда аталған аудандардың 6 білім беру ұйымы немесе 100% бастауыш, негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес анықталған.
2022-2023 оқу жылының соңына дейін бұл рәсім облыстың 15 білім беру ұйымдарында және шекті деңгейден бірінші рет өтпеген 3 білім беру ұйымдарында өтеді.