СҚО бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалымен ынтымақтастық

СҚО бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалымен ынтымақтастық

2023 жылдың 13-16 ақпан аралығында СҚО бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалымен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде сондай-ақ облыстың мұғалімдері арасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Департамент басшысының м.а. А.С. Мальгаева,  департаменттің бас маманы Нуртаева К.Б. директорларға, директордың орынбасарларына, балабақша меңгерушілеріне, әдіскерлерге арналған «Заманауи білім беру ұйымының сапасы мониторингісін жүргізу технологиясы» тақырыбындағы семинарға қатысты.

Семинардың мақсаты: заманауи білім беру ұйымының сапасы мониторингісін жүргізу технологиясы бойынша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

 Біз филиал директоры Аймагамбетова Лейла Сериковнаға мұғалімдермен жұмыс істеу үшін бірегей алаң ұсынғаны үшін алғысымызды білдіреміз.