Білім беру ұйымдарын аттестаттау

Білім беру ұйымдарын аттестаттау

Колледждің мемлекеттік аттестаттауын аяқтай отырып, аттестаттау комиссиясы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледжі» КМҚК білім беру қызметі барлық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келеді деген қорытындыға келді.

Колледжде мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі орта білім беру үшін педагогикалық кадрлар даярланады. 2018 жылы білім беру ұйымы қолданбалы бакалавриатты енгізу жөніндегі республикалық экспериментке енгізілді, орта буын маманының 6 біліктілігінің білім беру бағдарламалары Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен келісім бойынша жоғары білім беру бағдарламаларымен интеграцияланған.

Тексерілетін кезеңде колледж 11 мамандық бойынша кадрлар даярлауды жүргізді, «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына 3-қосымшаның бағалау парағының критерийлері бойынша білім беру қызметін талдау аттестаттау комиссиясына олардың көпшілігі бойынша білім беру қызметтерін ұсыну сапасының деңгейі «үлгілі» бағасына сәйкес келеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.