
Ағымдағы жылдың 18 тамызында Департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева Қызылжар ауданы және Петропавл қаласы педагогтарының «Жаңа халық Конституциясының нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиясы» атты тамыз конференциясына қатысты.
Гүлнар Темірболатқызы педагогикалық қоғам алдында сөйлеген сөзінде білім беру жүйесіне конституциялық нормалар мен құндылықтарды енгізудің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ конференцияға қатысушыларды келе жатқан жаңа 2026-2027 оқу жылымен құттықтады, кәсіби табыс тіледі.