
Ағымдағы жылдың 3 маусымында Департамент басшысы Таласпаева Гүлнәр Темірбұлатқызы БАҚ-та жарияланған ғимараттың апаттық жағдайы туралы ақпаратпен танысу мақсатында Петропавл қаласындағы «Нұр бөбек» балабақшасына барды.
Қалалық білім бөлімінің және балабақша меңгерушісінің ақпараты бойынша бұл нысан апатты жағдайда, тәуелсіз сараптама ұйымы ұсынған техникалық қорытынды растау болып табылады.
Қазіргі уақытта балабақшаның жұмысы тоқтатылды.
Ғимараттың одан әрі тағдыры туралы мәселені шешу кезеңінде балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәрбиеленушілер балалар ұжымдарын (топтарын) сақтай отырып, жақын маңдағы «Батыр» балабақшасы мен «Нұр бөбек» балабақшасы» МКҚК жанындағы шағын орталыққа ауыстырылды.
Бұл мәселе Департамент бақылауында болады.