
Ағымдағы жылдың 2 маусымында Департамент басшысы мен қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері және қабылданған заңнамалық өзгерістер бойынша онлайн-оқытудан өтті.
Курс 8 модульден тұрды, әр модуль аяқталғаннан кейін қызметкерлер тестілеуден өтті.
Курс аяқталғаннан кейін әрбір қызметкер "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР" тақырыбы бойынша қашықтықтан оқыту курсынан өткені туралы куәландыратын сертификат алды.