
Ағымдағы жылдың 3 маусымында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаеваның төрағалығымен СҚО әкімдігінің Білім басқармасы басшысының орынбасары Амангелді Еслямбекұлы Абдрахмановтың, СҚО әкімдігінің Білім басқармасы бөлімінің басшысы Валентина Анатольевна Черныхтың, СҚО ДОКСО бөлімінің басшысы Марина Анатольевна Панаринаның және Петропавл қаласы мен аудандардың білім бөлімдерінің басшыларының қатысуымен жаңа 2026-2027 оқу жылына мониторинг жүргізу мәселесі бойынша ЗУМ кеңес өткізілді.
Департамент басшысы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитеті бекіткен әдістемелік ұсынымдарды ұсынып, Комитет әзірлеген чек-парақтармен таныстырды.
Кеңес барысында мониторингтің негізгі бағыттары талқыланып, жаңа оқу жылының басына орта білім беру мекемелерін дайындау бойынша жұмыстарды сапалы жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.