
Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының Әдістемелік орталығы Оқушылар сарайы базасында 2026 жылы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды өткізу мәселелері бойынша облыстық кеңес өткізді.
Кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы Панарина М.А. қатысты.
Өз сөзінде бақылаушы органның өкілі 2025 жылы мемлекеттік аттестаттау барысында білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының қандай бұзушылықтары жиі анықталғанын атап өтті. Өз сөзінде бақылаушы органның өкілі 2025 жылы мемлекеттік аттестаттау барысында білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының қандай бұзушылықтары жиі анықталғанын атап өтті. Спикер 2026 жылы мемлекеттік аттестаттауды мемлекеттік бақылау саласынан білім беру қызметін бағалау форматына көшіру жүзеге асырылатынына назар аударды. Өзін-өзі бағалауды зерделеудің қашықтан форматы аттестаттау комиссиясы мүшелерінің білім беру ұйымдарына баруын алмастырады.
Кеңес барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын лицензиялау мәселесі талқыланды.