
Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаеваның төрағалығымен білім беру ұйымының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсынысты талқылау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.
Жұмыс тобы қатарына педагогикалық қоғам өкілдері кірді, оның ішінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, орта білім беру және техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, педагогтер.