
Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
Өтініштерді қабылдау және «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде «Білім беру қызметіне лицензияны қайта ресімдеу» - 326 қызмет көрсетілді, «Білім беру қызметіне лицензияны алу» - 2 қызмет көрсетілді, «Білім беру қызметіне лицензия және/немесе лицензияға қосымша беру» - 7 қызмет көрсетілді.
Біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себебі бойынша «Білім беру қызметіне лицензияны алу» - 3 қызмет бойынша бас тартылды, «Білім беру қызметіне лицензия және/немесе лицензияға қосымша беру» - 8 қызмет бойынша бас тартылды, құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты «Білім беру қызметіне лицензияны қайта ресімдеу» - 1 қызмет бойынша бас тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарының Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады - www.egov.kz.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Білім туралы құжаттарға – 103 апостиль қойылды, 4 қызмет бойынша бас тартылды, оның ішінде 3 қызмет - құжаттың түпнұсқалығы берілген ұйыммен расталмады, 1 қызмет - консулдық арқылы құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған.
Шығу елдері: Австрия, Аргентина, Германия, Италия, Испания, Қытай, Корея, Польша, Сербия, Словакия, Түркия, Чехия.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Департаменттің сайтында және ақпараттық стендтерінде орналастырылған.
Консультациялық көмек телефон арқылы немесе жеке қабылдау арқылы көрсетіледі.