
Петропавл қаласының № 28 жалпы білім беретін мектебінде 15-26 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» № 473 бұйрығына сәйкес білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында кадрлық қамтамасыз етуге, материалдық-техникалық базаның жай-күйіне, сондай-ақ белгіленген нормалардың сақталуына баға берілді. Тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама мен белгіленген талаптарды бұзушылықтар анықталған жоқ.
Мұндай іс-шараларды өткізу білім беру сапасын арттыруға және оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы оқу жағдайларын жасауға бағытталған.