
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі-Департамент) басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаеваның төрағалығымен Уәлиханов және Ақжар аудандарының әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілерімен және мектеп директорларымен білім беру жүйесіндегі субъектілерге (объектілерге) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізу мәселесі бойынша кеңес өткізілді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығы бойынша Департаменттің білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы Марина Анатольевна Панарина сөз сөйледі.
Марина Анатольевна өз сөзінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бөлігінде Бастауыш білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесіне арналған тексеру парағы талаптарының тізбесіне сәйкес құжаттарды дайындау мәселелеріне толығырақ тоқталды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығының №3 қосымшасына сәйкес, сондай-ақ кеңеске қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Отырыс соңында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы әдістемелік кабинеттер меңгерушілері мен мектеп директорларына бірқатар ұсыныстар берді.