Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды жеке қабылдау

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы азаматтарды қабылдады. Сұрақпен Петропавл қаласының «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі» КММ педагог-психологы Айнұр Ерболқызы Акишева жүгінді.
Департамент басшысы Айнұр Ерболқызына «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына сәйкес түсініктеме берді.