
Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Петропавл қаласында кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығының (бұдан әрі-Орталық) ашылуына қатысты.
Орталықтың ашылуына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрмұхамбетов Гауез Торсанұлы қатысты.
Орталық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға уақытша көмек көрсету және оңалту үшін қажет, 28-30 төсек-орынға есептелген.
Орталықта балалар үшін қолайлы, жайлы жағдайлар жасалған, изоляторлар, оқу-білім беру қызметіне арналған бөлмелер, ас блогы бар асхана, санитарлық тораптар, душ бөлмелері орналасқан.
Орталық бейнебақылау жүйесімен және күзетпен қамтамасыз етілген, сыртқы және ішкі бейнекамералар орнатылған, сондай-ақ автокөлікпен қамтамасыз етілген. Орталықтың штаты толық қамтылған.