Петропавл қаласындағы балабақша құрылысы туралы

Петропавл қаласындағы балабақша құрылысы туралы

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы  Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Петропавл қаласындағы «Жас Өркен» шағын ауданында салынған 280 орындық балабақшаға барып жағдайымен танысты.

Тәрбие мен оқытудың жайлы, қауіпсіз және тиімді процесін ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалған.

Балабақшаның барлық үй-жайлары, жиһаздары, жабдықтары, ойыншықтары тәрбиеленушілердің оқу-тәрбие қажеттіліктеріне жауап беретін эргономика талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.

Жатын бөлмелер, ойын бөлмелері, мектепалды топ кабинеттері, спорт, акт залдары, асхана заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген, санитарлық тораптар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жабдықталған.

Барлық тәрбиеленушілер үшін жеке шкафтар қарастырылған. Өрт қауіпсіздігі датчиктері, бейнебақылау жүйесі, объектінің периметрі бойынша қоршау орнатылған. Балабақша аумағында ойын алаңдары, беседкалар көзделген.

Балабақша штаты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» сәйкес жасақталатын болады.

Бүгінгі таңда мердігер ұйымдардың өкілдері нысанды құрылыс басқармасының балансына беру бойынша жұмыс жүргізуде. Петропавл қаласының білім бөлімі балабақшаны ашуға дайындау бойынша жұмыс жүргізуде.

Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың жаңа білім беру объектілерінің енгізілуіне бақылау жүргізеді.