Рұқсат беру бақылауы

Рұқсат беру бақылауы

2025 жылғы 19 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас мамандары М.Ж.Серікбаева мен Қ.Б. Нұртаева «Петропавл қаласының Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжі» КММ рұқсат беру бақылауын жүргізді.

Тексеру 03220200 «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығы бойынша білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне жүргізілді.
Бақылау қорытындысы бойынша колледж белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес деп танылды.