
Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Есіл ауданында Еңбек ауылында агроқұрылым қаражаты есебінен салынған жаңа бастауыш мектеп жағдайымен танысты. Мектептің жобалық қуаты 50 оқушыға арналған. Оқу процесін ұйымдастыру үшін мектепте мектепалды даярлық кабинеті, 4 оқу кабинеті, цифрлық сауаттылық кабинеті, спорт залы, кітапхана орналасқан. Барлық кабинеттер заманауи жиһаздармен және жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету үшін жобалық қуаты 20 орындық кең асхана, барлық білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін жеке шкафтар қарастырылған.
Құрылыс жобасында өрт қауіпсіздігі датчиктері, бейнебақылау жүйесі, санитарлық тораптар қарастырылған. Жылу режимін қамтамасыз ету үшін блоктық-модульдік қазандық жұмыс істейді, онда жергілікті өндірілген екі қазандық орнатылған. Мектептің периметрі бойынша қоршау, мектеп аумағында футбол және ойын алаңы орналасқан.
Мектептің барлық үй-жайлары мен жиһаздары ыңғайлы, қауіпсіз және тиімді оқу процесін ұйымдастыру үшін білім алушылар мен педагогтардың оқу-тәрбие қажеттіліктеріне жауап беретін эргономика талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және жабдықталған.
Бүгінгі таңда агроқұрылым өкілдері нысанды Есіл аудандық білім бөлімінің балансына беру бойынша жұмыс жүргізуде.
Білім бөлімі «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығына сәйкес лицензия алу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Департамент басшысы жаңа нысанға барған кезде білім беру қызметіне лицензия беру бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігі жөнінде бірқатар ұсыныстар берді.