Участие в заседании коллегии

Участие в заседании коллегии

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Департамент басшысы Г.Т. Таласбаева Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының алқа отырысына қатысты.

Алқа отырысында өткен жылдың қорытындылары қаралды:  «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының Жол картасын іске асырудың аяқталуы, жұмысшы кәсіптер жылының аяқталуы, «Ауыл мектебі-сапа алаңы» жол картасын іске асырудың аралық қорытындылары.

Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау және білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілді. 

Департамент басшысы Г.Т. Таласбаева білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың қорытындылары туралы ақпарат берді.