Қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен кеңес

Қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен кеңес

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаеваның төрағалығымен қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен онлайн кеңес өткізілді.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау форматын жаңарту мәселесі туралы білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы Панарина Марина Анатольевна сөз сөйледі.

Марина Анатольевна өз сөзінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен мемлекеттік бақылау функциялары мен білім беру ұйымдарының қызметін бағалау тетіктерін нақты ажырату үшін мемлекеттік аттестаттауға қатысты бөлігінде «Білім туралы» Заңның нормалары нақтыланғанын атап өтті. Мемлекеттік аттестаттау білім берудің сапасы мен қолжетімділігін, сондай-ақ білім беру ұйымдары қызметінің тиісті деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі ретінде айқындалған. Бұл жұмыс тиімділігін арттыруға және оқу процесін жетілдіруге бағытталған бағалау механизмі.

Сондай-ақ, кеңесте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің тапсырмаларын орындау, педагогикалық әдепті сақтау бойынша ақпаратқа қатысты ұсыныстар берілді.

Департамент басшысы барлық айтылған мәселелер бойынша педагогикалық қоғам арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.