Лицензияға қосымша алу бойынша кеңес беру

Лицензияға қосымша алу бойынша кеңес беру

 2025 жылдың 28 қарашасында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Искандер Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығы бойынша лицензияға қосымша алу жөнінде кеңес алу үшін жүгінді.
Құжаттардың толықтығын және нормативтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында, Департаменттің бас маманы М.Ж. Серикбаева құжаттаманы дайындау және оларды дұрыс ресімдеу бойынша түсіндірмелер берді.