Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу

Бақылау функцияларын жүзеге асыру әрқашан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен байланысты. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу үлкен маңызға ие.

Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тартатын тәжірибелі педагогтер қатарындағы сарапшылар мемлекеттік аттестация басталмас бұрын тиісті білім беру ұйымының мемлекеттік аттестациясын жүргізуге қатысатын тұлғалардың Этикалық мінез-құлық нормаларымен қол қойып танысады және қызметтік ақпаратты жария етпеу туралы міндеттемеге қол қояды, өйткені аттестация барысында олар қызметтік ақпаратқа және тексерілетін нысанның дербес деректеріне қол жеткізеді.

Комиссия мүшелері үшін бақылауды адал әрі объективті түрде жүзеге асыру, сонымен қатар тексерілетіндерге құрмет көрсетіп, қажет болған жағдайда әдістемелік көмек көрсету маңызды. Осы туралы ескерту әрбір мемлекеттік аттестация басталар алдында Департамент қызметкері – аттестациялық комиссияның төрағасы – өткізетін нұсқаулықтың бір бөлігі болып табылады.