
2025 жылғы 05.11. Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің өңірлік инспекторы М. Е. Әмірбеков «Келешек мектебі» жобасы шеңберінде 2025 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген «Береке» шағын ауданындағы жайлы мектепке барды.