
Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушы М. А. Панарина ағымдағы жылдың 22 қазанында азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырды
Петропавл қаласы мектептерінің бірінің әкімшілігі өкілдерін білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, атап айтқанда білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын практикалық қолдану мәселесі қызықтырды
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ыстық тамақтану бойынша қызмет көрсету, педагогтерде тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімнің болуы мәселелері талқыланды
Педагогтерге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша түсініктемелер берілді