4,9 сынып оқушыларының кешенді тестілеуі

4,9 сынып оқушыларының кешенді тестілеуі

«Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына сәйкес оқыту нәтижелерін бағалау білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тестілеу мәселелері жөніндегі ұйым әзірлеген компьютерлік форматтағы кешенді тестілеу (бұдан әрі – компьютерлік тестілеу) технологиясы бойынша 4, 9-сынып оқушылары арасында жүргізіледі.

СҚО білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері бақылаушы ретінде компьютерлік тестілеу рәсіміне қатысады.

2025 жылғы 07-15 қазан аралығында облыстың 14 білім беру ұйымдарының 4,9 сынып оқушылары компьютерлік тестілеуден өтті.        

Оқыту нәтижелерін бағалауды жүргізу кезінде мектептердегі білім алушылар үшін өз білімінің, іскерлігі мен дағдыларының деңгейін көрсету үшін бірыңғай жағдайлар мен тең мүмкіндіктер жасалды.

Барлық 14 мектептің 4, 9 сынып оқушылары кешенді тестілеуден сәтті өтті, қажетті балл жинады, білім алушылардың даярлық деңгейі бастауыш, негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес болып саналады.

Ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында кешенді тестілеуге облыстың тағы 26 мектебінің оқушылары қатысады.