
Ағымдағы жылдың 8 қазанында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменованың төрағалығымен өткен аппараттық кеңеске қатысты.
Кеңесте 5 мәселе қаралды:
1.Мектептерге күрделі жөндеу жүргізу және «Келешек мектептері» жобасы шеңберінде мектептерді лицензиялау;
2.«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын іске асыру;
3.Білім алушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;
4.TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің нәтижелері;
5. Қоғамда резонанс тудырған мәселелер.
Кеңес соңында министр бірқатар тапсырмалар беріп, кеңеске қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады.