«Ұстазға алғыс!» апталығы

«Ұстазға алғыс!» апталығы

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде «Ұстазға алғыс!» апталығы ұйымдастырылуда.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 1 қазаңында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева мұғалімдер күнін мерекелеу қарсаңында Мамлютка қаласында тұратын және педагогикалық қызметін жалғастырып, Мамлют өнер мектебінде жұмыс істейтін, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ралия Равильевна Нұрмұқанованы құттықтады.
Сондай-ақ, Гүлнәр Темірболатқызы өзінің тәлімгері Вера Андреевна Бондаренкоға құрмет көрсетті. Вера Андреевна Қызылжар ауданының Бескөл мектеп-гимназиясында директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары болып жұмыс істей жүріп, оған педагог ретінде қалыптасуына зор үлес қосқан.
Департамент басшысы өзінің ұстазы мен тәлімгеріне зор денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас қуат тілеп, алғыс хаттар табыс етті.