
Ағымдағы жылдың 2 қазанында Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы «Педагог мәртебесі туралы» тақырыбында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысты.
Өз сөзінде басшы жергілікті жерлерде педагог мәртебесін іске асыру, жалақыны арттыру, педагогтерді қолдау жөніндегі республикалық және өңірлік жобалар, педагогтердің құқықтарын қорғау, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы», «Ұстаз» платформасы жобалары бойынша педагогтердің сапалы құрамын қалыптастыру туралы ақпарат ұсынды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің НҚА-на педагогтердің құқықтарын қорғау бөлігіндегі өзгерістердің енгізілуі туралы атап өтті.