Ұстазға алғыс!

Ұстазға алғыс!

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Когаршин Қасетқызы Ахметова өзінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, білім беру саласында 30 жылдан астам жұмыс істеген, Зәуре Кәкімқызы Кубетаеваға барып,  Департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева атынан баға жетпес еңбегі, шыдамдылығы мен кәсібилігі үшін алғыс хат табыс етті, зор денсаулық, жақсылық және рухани амандық тіледі.