
Мұғалімдер күнімен құттықтау
2025 жылғы 30 қыркүйекте Мұғалімдер күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Маржан Жақсалыққызы Серікбаева өзінің бірінші мұғалімі Қымбат Қазезқызы Чукатованы құттықтады. Қымбат Қазезқызы Чукатова бастауыш сынып мұғалімі болып 40 жыл жұмыс істеген. Департамент басшысы Г.Т.Таласбаеваның Алғыс хатын табыстай отыра, денсаулық, ұзақ ғұмыр және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.