
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»
Мемлекеттік награда иелерін құттықтау
2020 жылдан бастап алғаш рет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекет алдындағы үздік жетістіктері үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» Мемлекеттік наградасы белгіленді. Қазіргі уақытта еліміздің 74 педагогы осы наградамен марапатталды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» Мемлекеттік наградасымен 2022 жылы «Петропавл қаласының Мұрат Айтқожин атындағы №1 орта мектебі» КММ директоры Курленя Александр Юрьевич марапатталды.
2023 жылы педагогтердің бірінші съезінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен білім берудегі үздік жетістіктері және саланың дамуына қосқан үлесі үшін еліміздің 17 педагогына «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді. Біздің өңір бойынша марапатты «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Айжан Байкенқызы Қапезоваға берілді.
2024 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы «Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ 40 жылдан астам қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген Күләш Жетпісбайқызы Рахметова марапатталды.
Биыл бұл атаққа Петропавл қаласының «№4 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шолпан Бақытқызы Аблемова ие болды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен 29 қыркүйектен 4 қазанға дейін мұғалімге деген құрметті арттыру, олардың мемлекет дамуындағы еңбегін бағалау мақсатында «Ұстазға алғыс!» атты апталық өтуде.
Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева осы іс-шара аясында «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» Мемлекеттік наградасының иегерлері Айжан Байкенқызы Қапезова мен Шолпан Бақытқызын Аблемованы кәсіби мерекемен құттықтады.