Аппараттық кеңеске қатысу туралы

Аппараттық кеңеске қатысу туралы

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңеске қатысты. Кеңестің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды: құқық бұзушылықтардың алдын алу, білім алушыларды тасымалдау сапасы, жылыту маусымына дайындық, мұғалімдер күні мерекесін өткізу туралы.
Бірінші мәселе бойынша балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Насымжан Жанбекқызы Оспанова сөз сөйледі. Спикер балалардың құқық бұзушылықтар жасауының статистикалық деректерін келтірді, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың, қорқытудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, мектепшілік есепті жүргізуге ерекше назар аударылды. Оқу жылының басынан бастап ел өңірлерінде балалардың қатысуымен болған резонанстық жағдайлардың мысалдарын келтірді.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған мәселелер бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы Серік Кеңесұлы Әшіров, инфрақұрылымдық даму департаментінің басшысы Әділбек Нәжіметдіұлы Мұсабаев сөз сөйледі.
Кеңес қорытындысы бойынша Министр өңірлердің білім басқармасының басшыларына, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.