
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы азаматтарды қабылдады.
Петропавл қаласының «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагогтары Гүлбәршін Мәлікқызы Анафина мен Алмагүл Сайлаубекқызы Мейірманова сұрақтарымен жүгінді .
Сұрақтар сағаттарды бөлуге және мұғалімдерге ақы төлеуге қатысты болды.
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы, «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы негізі шеңберінде қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.