
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Бірінші вице-министрі Майра Тұрғанбайқызы Мелдібекованың төрағалығымен өткен мұғалімдер күні қарсаңында 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында «Ұстазға алғыс!» атты апталығын өткізу барысы туралы кеңеске қатысты.
Ұстазға деген құрметті арттыру, олардың ел дамуына қосқан еңбегін бағалау және жас ұрпаққа ұстаз тұлғасын үлгі ету - бұл іс-шараның мақсаты болып табылады.
Министрлік «Ұстазға алғыс!» атты апталығының Тұжырымдамасының жобасын ұсынды.
Апта шеңберінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, барлық білім беру ұйымдарына, сондай-ақ мемлекеттік және ұлттық компанияларға өз мұғалімдерін шақыра отырып, мерекелік іс-шаралар өткізуі қажет болады.