Педагог мәртебесі туралы

Педагог мәртебесі туралы

 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім келешегі: адал азамат, кәсіпби маман» тақырыбында өткен тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде мұғалімдердің құқықтарын қорғау үшін «Педагог мәртебесі туралы» Заңға түзетулер енгізуді ұсынды.
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы Петропавл қаласының педагогтерімен осы мәселені талқылауға қатысты жұмыс кездесуін өткізді.
Әріптестер Педагогтің кәсіби қызметін қамтамасыз ету 6-бап, Кәсіби қызметті жүзеге асыру кезіндегі педагогтің құқықтары 7-бап, Педагогтің материалдық қамтамасыз ету құқығы 8-бап, Тәлімгерлік 13-бап бойынша ұсыныстарды атап өтті.
Мәселені талқылау қорытындысы бойынша педагогтердің құқықтарын қорғауды күшейту бөлігінде Заңға өзгерістер енгізуге сәйкес ұсыныстар әзірленді.