
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың өткізген аппараттық кеңесіне қатысты. Кеңес күн тәртібінде 7 мәселе қаралды: мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы, балалардың құқықтарын қорғау, инфрақұрылым, тасымалдау, жылыту маусымына дайындық сұрақтары, тәрбие жұмысы, инклюзивті білім беру, ТжКБ:»Жұмысшы мамандық жылы».
Бірінші сұрақ бойынша Бірінші вице-министр Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова адами капиталды дамыту бойынша негізгі міндеттерді атап өтті: «Келешек мектептері» салу және іске қосу, қашықтан оқыту және жасанды интеллект негізінде Qazaq Digital Mektebi шағын жинақты мектебінің моделін әзірлеу (СҚО мектептерінде де іске асыру жоспарланған).
Сондай-ақ, жоғарыда аталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары департаменттерінің басшылары сөз сөйледі.
Кеңес қорытындысы бойынша Министр өңірлердің білім басқармасының басшыларына, аумақтық департаменттерге және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.