
Ағымдағы жылдың 16-17 қыркүйегінде департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева мониторингтік іс-шаралар шеңберінде жұмыс сапарымен Есіл, Тимирязев, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарының білім беру ұйымдарына барды.
Сапар барысында Петровка, А.Игібаев атындағы, Чистопол мектептерінде және Тимирязев мектеп-гимназиясында жаңарту жөндеу жұмыстарының сапасын көзбен қарап баға берді.
Шал ақын ауданының Жалтыр мектебіндегі күрделі жөндеу жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, аудандарда білім алушыларды тасымалдау, тамақтандыру, қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету бойынша жағдай зерттелді. Қазандықтарды, отынды жылыту маусымына дайындау, ауладағы дәретханаларды бөлшектеу қаралды.
Білім бөлімдерінің, мектеп директорларының басшыларымен кездесу қорытындысы бойынша Департамент басшысы анықталған проблемалық мәселелер бойынша ұсыныстар берді.