
Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы 2025 жылғы 12 қыркүйекте онлайн режимінде мектептерді мемлекеттік аттестаттауға дайындауға арналған семинар өткізді.
2025 жылдың өткен кезеңінде облыстың 52 мектебі мемлекеттік аттестаттаудан өтті. Қызметтің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігі туралы оң қорытынды алған мектептердің үлесі 31% -. құрайды (52-ден 16-сы). Аттестаттаудан өтпеу себептерінің бірі Нормативтік құқықтық актілерді жеткіліксіз білу болып табылады. Әдістемелік орталық СҚО білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қатысуымен тұрақты негізде түсіндіру сипатындағы семинарлар өткізеді.
Семинарға а.ж. 12 қыркүйегінде білім беру ұйымдарын аттестаттауға дайындауға жауапты білім бөлімдерінің қызметкерлері, аттестаттауға дайындалып жатқан мектептерге әдістемелік көмек көрсету үшін әдістемелік орталық құрған облыстық мобильдік топтың мүшелері, сондай-ақ аттестаттау 2025 жылдың соңына дейін өтетін мектептер әкімшілігінің мүшелері қатысты.
Семинар аясында білім бөлімдерінің өкілдері мектептерді аттестаттауға дайындау бойынша жұмыстар туралы есеп берді, тәуекелдер талқыланды, Департамент өкілі М. А. Панарина семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталған МЖМБС бұзушылықтарына талдау жасады.
Мектептердің қызметін МЖМБС талаптарына сәйкес келтіруге және соның салдарынан мемлекеттік аттестаттаудан бірінші рет өтетін мектептер санын көбейтуге бағытталған одан әрі бірлескен жұмыс стратегиясы талқыланды.