Өзекті мәселелер бойынша кеңес

Өзекті мәселелер бойынша кеңес

Өзекті мәселелер бойынша кеңес

2025 жылғы 10 қыркүйекте Петропавл қаласының № 23 орта мектебінің базасында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы «2025-2026 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» тақырыбында нұсқаулық-әдістемелік кеңес өткізді. Кеңеске қатысушылар – білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері мен әдіскерлері, мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының басшылары алдында СҚО БССҚД білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы М. А. Панарина сөз сөйледі.

Баяндамада 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мектептерді мемлекеттік аттестаттау нәтижелеріне талдау жасалды, жалпы бұзушылықтарға назар аударылды, білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары түсіндірілді. Кеңеске қатысушылар мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілерінің жас кезеңділігі, педагогтердің атқаратын лауазымына сәйкестігі, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесін есептеу ерекшеліктері және басқа да сұрақтарға жауап алды.