Педагогикалық кеңестердің өту барысы туралы  

Педагогикалық кеңестердің өту барысы туралы   

Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы және білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы Панарина Марина Анатольевна облыстық әдістемелік орталық ұйымдастырған «2025-2026 оқу жылындағы мектептің білім беру саясаты және басымдықтары» тақырыбы бойынша  ағымдағы жылдың 25-28 тамыз аралығында СҚО бойынша мектептерде педагогикалық кеңестер өткізуді талқылау жөніндегі кеңеске қатысты. Кеңес Өрлеу «БАҰО» ПҚ БАИ АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Кеңес барысында барлық қатысушылар педагогикалық кеңестерге қатысқан мектептерде мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруға бірыңғай көзқарас қамтамасыз етілгенін және педагогикалық ұжымдар қызметінің 2025-2026 оқу жылына арналған негізгі міндеттері айқындалғанын, жаңа оқу жылындағы білім беру ұйымы жұмысының басым бағыттары айтылғанын, мектептердің жылдық жұмыс жоспарлары бекітілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, педагогикалық кеңестерді өткізуге стандартты емес тәсілді қолданған бірқатар мектептер атап өтілді.