Мемлекет Басшысының Жолдауы

Мемлекет Басшысының Жолдауы

 

Ағымдағы жылдың 8 тамызында Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауын тыңдады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде мектеп жасынан бастап жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Президент цифрлық жаңғырту адами капиталды дамытуға жаңа талаптар қойып отырғанын және білім беру осы сын - қатерлерге сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті. Оқушыларға арналған АИ негіздері бойынша бағдарламаларды әзірлеу, педагогтарды оқытып оқу процесінде АИ қолдануға дайындау қажеттігі туралы айтты.
Шағын жинақталған мектептерде сапалы білім алуға қол жеткізуге ерекше көңіл бөлінеді. Мұндағы шешім «Qazaq Digital mektebi» қашықтықтан оқыту технологиялары мен АИ негізінде моделі болады деп атап кетті.
«Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 150 жаңа мектеп жұмыс істей бастады, тағы 67 мектеп алдағы үш айда құрылысын аяқтайды.
Ғылым мен білім беруді дамыту, білікті мамандарды елге қайтару, нағыз кәсіпқойларды даярлау басты назарда деп атап өтті.
Президент атап өткендей, адами капитал — білім, жауапкершілік және құзыреттілік — Қазақстанның табысты болашағының негізі болып табылады.
Департамент ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған стратегиялық міндеттерді іске асыруға өз үлесін қосуға дайын.