Азаматтарды қабылдау туралы

Азаматтарды қабылдау туралы

Ағымдағы жылдың 3 қыркүйек күні Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы азаматтарды қабылдады.
Мектепті мемлекеттік аттестаттау және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрық бойынша туындаған сұрақтарымен Петропавл қаласы Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қоңырбаева Анар Жолболдинқызы жүгінді. Басшы Анар Жолболдинқызына НҚА сәйкес түсініктемелер берді.