
Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы вице-министр Оспан Еділ Сабырұлының төрағалығымен өткен «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру мәселесі жөніндегі кеңеске қатысты: «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы бойынша бірыңғай дизайн-кодқа сәйкес білім беру ұйымдарын, «Келешек мектептері» ресімдеу туралы; Мемлекет басшысының республикалық тамыз конференциясында ұсынылған «Адал азамат» бағдарламасын іске асыруға ЖОО жұмылдыру туралы; ата-аналар комитеттерінің қызметін жандандыру тапсырмасын орындау туралы атап өтілді.
Сондай-ақ, кеңесте «Samruk-Kazyna-Construction» АҚ және жоғары білім ғылым министрлігінің өкілдері сөз сөйледі.
Кеңес соңында вице-министр «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы бойынша бірыңғай дизайн-кодқа сәйкес білім беру ұйымдарын ресімдеу бойынша білім басқармасының басшыларына, осы мәселені бақылау бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.